«14 жастағы қызды төсекке сүйреп, жүкті қылған» Түркістандық еркектің қылығы елдің ызасын келтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«14 жастағы қызды төсекке сүйреп, жүкті қылған» Түркістандық еркектің қылығы елдің ызасын келтірді

«14 жастағы қызды төсекке сүйреп, жүкті қылған» Түркістандық еркектің қылығы елдің ызасын келтірді

14 жастағы қаршадай қызды төсекке сүйреп, артынша жүкті қылған.

  • 7 Желтоқсан 2020
  • 7415
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Астарлы ақиқат бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Естіген құлақты есеңгіретіп, бүйірге біз сұққан бұл сұмдық жағдай Түркістан қаласында орын алды. Небәрі 7-ші сыныпта оқып жүрген Назакат Раметова өзінен он жас үлкен Хасан Рашидовпен жыныстық қатынаста болып, 15 жасында ана атанып отыр.

Алайда Хасанның өзі «жүкті еткен мен емес», деп досына күдік тағуда. Кімдікі шын, кімдікі өтірік? Кішкентай Ахметтің әкесі кім? 

Назакат Раметова:« Біз Хасанмен кездесіп жыныстық қатынасқа түсіп жүргенімізге жарты жыл болғанда, өзімнің аяғым ауыр екенімді білдім. 14 жасымда жүкті болып, 15 жасымда босандым. Мынау біздің бөлмеміз»- деп қыз сұхбат берді.


Дегенмен Хасан туылған сәбиді өзінен емес досынан көреді. Себебі бір уақытта үш жігітпен жыныстық қатынасқа түсіп жүрген 14 жасар Назакат баланың әкесінің кім екендігін өзі де анасы да білмейтін сияқты.

Желі қолданушылары: "Бір уақытта үш жігітпен жүру деген не сұмдық","Анасына бағынбайды екен","Тәрбиесіз","Ұятсыз қыздың өзінен бәленің бәрі","Кішкентай болып алып масқара екен"- деген пікірлер жазды.