Қостанай облысында 12 жасар қыз өгей әкесінен жүкті болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында 12 жасар қыз өгей әкесінен жүкті болды

Қостанай облысында 12 жасар қыз өгей әкесінен жүкті болды

Қазіргі кезде кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен 29 жастағы ер адам қамауға алынды

  • 13 Желтоқсан 2020
  • 522
Фото - Caravan.kz

 Қостанай облысында полиция 12 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікпен 29 жастағы Лисаковск тұрғынын ұстады.

"Время" газетінің хабарлауынша, қазіргі кезде ер адам қамауға алынған. Бұл туралы sputnik.kz-ке сілтеме жасап Caravan.kz медиа порталы хабарлады 

Ал жүкті қыз перзентханада жатыр.

Қостанай облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 120-бабы (зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Сондай-ақ, тергеу басталып, сараптамалар тағайындалды.

Айта кетейік, жыл басында "зорлау" бабы – орташа ауырлық дәрежесінен ауыр қылмыстар санатына ауыстырылған болатын.


Егер аталған факті дәлелденсе, ер адамға 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.