"Тәтті үш баламыз бар": Динара Қырықбаева күйеуімен ажырасып кеткенін хабарлады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тәтті үш баламыз бар": Динара Қырықбаева күйеуімен ажырасып кеткенін хабарлады

"Тәтті үш баламыз бар": Динара Қырықбаева күйеуімен ажырасып кеткенін хабарлады

Белгілі әнші Динара Қырықбаева күйеуімен ақыры ажырасып тынды.

  • 21 Желтоқсан 2020
  • 812
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Айтатын уақыт жетті. Директке күн сайын күйеуім туралы толассыз сұрақтар келіп жатады. Сөзімді өзгелер басқаша алып кетпес үшін өзім пост жазуға бел будым. Біз 5 жыл өмір сүрдік, біздің 3 тәтті балапанымыз бар. Ара-қатынасымыз жақсы, балаларымыз үшін ата-ана болып қала береміз. Балалардың да, менің де жағдайымыз жақсы, уайымдамаңыздар. Мені жақсы білетіндер біледі, мен хайпты ұнатпаймын, қалай бар солай жазып отырмын. Осыған байланысты енді ешқандай пікір білдірмеймін", — деп жазды Динара Қырықбаева.