5-7 жылдан кейін коронавирусты жұқтыру қаупі артады - инфекционист - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
5-7 жылдан кейін коронавирусты жұқтыру қаупі артады - инфекционист

5-7 жылдан кейін коронавирусты жұқтыру қаупі артады - инфекционист

5-7 жылдан кейін коронавирус бұдан да жұқпалы болады.

  • 23 Желтоқсан 2020
  • 227
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы инфекционист Евгений Тимаков айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Вирус үнемі құбылып отырады. Коронавирус та осыған ұқсас. Алайда ондағы өзгеріс айтарлықтай емес, оның геномы өзгермеген. Бірақ өзгерістер вирустың қасиетін өзгертеді. Кез келген жағдайда вирус сыртқы ортада өз иесін өлтірмей өмір сүруге тырысады", — дейді дәрігер.


Оның айтуынша, осыған байланысты коронавирус 5-7 жылдан кейін өте жұқпалы болуы мүмкін.

"Уақыт өте келе, яғни 5-7 жылдан кейін коронавирус инфекциясы өзгереді. Ол жұқпалы болады, бірақ асқынулар аз болады", — дейді Тимаков.

Дәрігердің пікірінше, Ұлыбританиядағы қазіргі жағдай осыған ұқсас.