Ақтөбе облысында карантин талабын бірнеше рет бұзған 13 нысанның жұмысы тоқтатылады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында карантин талабын бірнеше рет бұзған 13 нысанның жұмысы тоқтатылады

Ақтөбе облысында карантин талабын бірнеше рет бұзған 13 нысанның жұмысы тоқтатылады

Ақтөбе облысында шектеу шараларын өрескел бұзушылардың жұмысы тоқтатылады. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

  • 27 Желтоқсан 2020
  • 19
Фото - Caravan.kz

Қазір мобильді мониторингтік топтардан және жергілікті полиция қызметінен түскен материалдарға сәйкес, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 425-бабы 1-бөлігі бойынша анықталған бұзушылықтар үшін 169 млн теңгеден астам 1251 айыппұл салынды.

«Координациялық орталықтардан түскен шұғыл хабарлама негізінде жоспардан тыс 19 тексерулер жүргізілді. Тексеріс қорытындысы бойынша 18 объектіге 5 028 180 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар шектеу карантиндік шараларын бірнеше рет бұзған 13 нысан бойынша материалдар қызметін тоқтату үшін әкімшілік сотқа берілді», — делінген хабарламада.

Бұзышылардың көбі — салтанатты, отбасылық, ұжымдық іс-шаралар өткізген қоғамдық тамақтану объектілері, жасырын жұмыс істеген караоке, компьютерлік клубтар. Олардың ішінде: «Диана», «Андр», «Салтанат сарайы», «Дулат», «1001 түн»,  «Ғарыш»,  «Нұр», «Хан Орда» мейрамханалары, «Душа» караоке клубы, «Virtual club», «Sun STRIKE» ойын (компьютерлік) клубтары және т.б.