Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Әнші инстаграмдағы Stories-те күйеуімен екеуара болған әңгіме жайлы видео жариялады.
"Қазіргі фанатым. Бұрын Алишпен танысқан кезімде: 'Сен негізі ән айтады екенсің ғой' деген еді. Содан соң күліп, 'Өмір өзен' деген әнімді жіберген болатынмын ватцап арқылы. Содан ол: "мәссаған, сен керемет айтады екенсің ғой" деп жауап жазды. Ойлаңызшы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайреткеріне солай айтты" , — деді әнші күліп.
Алтынайдың жолдасына қойған сұрағы: "Жан, сен неге солай айттың сол кезде маған?!"
Жолдасы: "Себебі қазақстандық әншілерді ешқашан тыңдамағанмын" ,- деп жауап берді.
Алтынай: "Тоқташы мына жерден түсіп қалайыншы, жаяу кете берейін", — деп қалжыңдады.