«Құралай ханым мыстандықты насихаттайды»: Дәстүрлі әнші психологтың аффирмациясынан өлгендер бар екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Құралай ханым мыстандықты насихаттайды»: Дәстүрлі әнші психологтың аффирмациясынан өлгендер бар екенін айтты

«Құралай ханым мыстандықты насихаттайды»: Дәстүрлі әнші психологтың аффирмациясынан өлгендер бар екенін айтты

Танымал дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева психологиялық тренингтер өткізіп жүрген Құралай ханымның ісі мыстандықты насихаттау деп айыптады.

  • 6 Қаңтар 2021
  • 5917
Фото - Caravan.kz

Әншінің айтуынша, Құралайдың аффирмациясын тыңдап, сабағына барғандардан өлгендер де бар екен.

Бұл туралы ол «Бүгін» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

«Бір күні қарап отырсам қасымдағы, айналамдағы қыздар аффирмация, визуализация, медитация дей ме бір нәрселерді айта бастады. Басында мән бермей жүргенмін. Содан бір күні «аффирмация» деген не деп сұрадым. "Мен бай болам дей берсең бай болып кетесің" дейді. Атаңның басы, дедім. Мен бай болам деп жата берсең қалай бай боласың? Адам деген еңбектенбесе, талаптанбаса қалай бай болады? «Аффирмация» деген өзінің өтірігіне өзі сену дедім. Содан басталды.

Құралай мен Айнұр деген замандастарымның парақшаларын қарасам соларда айтылады екен әлгі сөздер. Құралайдың «енеңді сыйла, келінді сыйла» деген сөздерін естігенде қатты сыйлап жүретінмін. Енді оның жеке сабақтарына қатысып, не айтатынын білгенде шалқамнан түстім. Оның тренингтерінің бағасы 30-40 мың, жеке қабылдаса шетелге апарамын дейді. Онысы 300 мың теңге. Маған оқырмандарым чектерін жіберді төлеген. Бір де бір байыған жоқпыз деп маған жаза бастады. Не істедің, не үйретті деп сұрасам, жіберген сабақтары орыстың мыстандарының дуасы, гипноз шамбали деген тибеттердің сыйқыры екен.

Себебі бұл Құралайдың пірі Правдина деген республика сарайына қазақтың әйелдерін шақырып алып
будданың мантрасын
айтқызып қояды екен. Мен оған қарсы болдым.

Карантинның арқасында «Әбжат» дегеннің не екенін білдім. Сөйтсем Құралай ханым Бердиен қари деген кісіден ем үшін алып, 56 мың теңгеден сатады екен. Әбжат деген бір адамнан бір адамға жарамайды екен. Ол деген 40 күн дұға деп жаттатады екен. Ел ойлайды ғой құран жаттап жатырмыз деп.

Айгүл ханым, 40 күн әбжатты жаттап едім көзіме түрлі бәлелер көрініп, сондай нәрсеге ұшырадым, деген хаттар келді. Екі адам жазды менің қызым осы Құралайды тыңдап өлді деп. Қалай десем? Өлгеннен кейін қыздың заттарын ақтараса Құралайдың аффирмациясы, 40 күн әбжат деген сияқты материалдар шыққан.

Адам өліп жатса мен қалай қарап отырамын. Құран жаттатым деп елге басқа діндердің, исламнан тыс Вуду, орыстардың мыстандарын насихаттаушылық бұл. Құралайдың бетіне айта аламын. Ол мыстандықты насихаттады", деді  әнші Айгүл Елшібаева.