Үкімет отставкаға кетуі керек – Мемлекет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 441.66
  • 475.14
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
5 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет отставкаға кетуі керек – Мемлекет басшысы

Үкімет отставкаға кетуі керек – Мемлекет басшысы

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент пен жергілікті мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

  • 10 Қаңтар 2021
  • 38
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы өз таңдауын елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесінде жасады.

«Заңнама бойынша Үкімет отставкаға кетуі керек. Мен сайлау аяқталғаннан кейін фракция жетекшілерімен, Премьер-министрдің де, Үкімет мүшелерінің де кандидатурасы бойынша депутаттардың жаңа құрамымен кеңесу үшін Парламентке барамын», — деді Президент.

Айта кетерлігі, Мәжіліс сайлауына елімізде тіркелген 5 саяси партия кандидаттары қатысып жатыр. Олар: «Nur Otan» партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «ADAL» саяси партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы және «Қазақстанның Халық партиясы».


Соңғы жаңалықтар