Қазақтың чемпион аруы америкалыққа тұрмысқа шығып, қыз босанды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақтың чемпион аруы америкалыққа тұрмысқа шығып, қыз босанды

Қазақтың чемпион аруы америкалыққа тұрмысқа шығып, қыз босанды

Фитнес жұлдызы, әлем чемпионаты медальдарының иегері қазақстандық спортшы Дания Тілеумбетова бүгінде АҚШ-тың Форт-Ли қаласында тұрады. Бірнеше жыл бұрын қазақ қызы америкалық жігітке тұрмысқа шыққан еді. Ал жақында ол бақытты ана атанды.

  • 19 Қаңтар 2021
  • 21534
Фото - Caravan.kz

Америкалық жұбайына Алматыны көрсетуді, сондай-ақ оған нағыз қазақтың ұлттық тағамынан дәм татқызуды армандайды!

Дания «КАРАВАН тілшісіне АҚШ-тағы тағдыры туралы айтты.

— Мен спортшы ретінде Қазақстанда қалыптастым. Осы жақта өмір бойы жаттықтырушы, төреші болып, чемпионаттарға, жарыстарға баруыма болар еді. Бірақ бұндай өмір мені аздап зеріктірді, денсаулығым да бұрынғыдай емес. Негізі мен өмір бойы спортшы болуды жоспарлаған емеспін, ең алдымен сүйіктімді тауып, үйлі-баранды болғым келді. Мәскеуге келетін болсақ, ол жерге фитнесті тереңірек меңгеру үшін бардым. Бен Вейдер атындағы бодибилдинг және фитнес колледжін бітірдім. Фитнес жаттықтырушысы болып жұмыс істедім және әрине, біреумен танысқым келді. Өйткені Қазақстанда менің жеке өмірім онша жақсы болған жоқ. Мәскеуде бір жарым жыл тұрдым. Бірақ ондағы жастар байсалды емес, бұл маған ұнамады. Ақыры АҚШ-қа кетуге бел будым. 2018 жылы Америка Құрама Штаттарына келіп, болашақ күйеуіммен таныстым. Оның аты Луи. Бұрынғы боксшы. Яғни спортқа өте жақын. Оның әкесі кәсіби боксшы. Сондай-ақ, күйеуімнің қаржылық білімі бар. Өте келбетті жігіт. Америкада дүниеге келгенімен, испан, итальян, француз қанының қоспасы бар. Нағыз Мачо! Мен ғашық болдым!

Дания Тілеумбетова жуырда ана атанды. Қазір ол қыз тәрбиелеп отыр.

«Мен үнемі ана болуды рмандайтынмын, бірақ одан ештеңе шықпады. Некеден тыс босанғым келмеді. 2020 жылы 8 қазанда қыз босандым, оның аты Милена-София Родригес", деді.

Данияның ендігі арманы күйеуіне Алматыны көрсету, қазақтың ұлттық тағамынан дәм татыру.

«Ол ТМД-да ешқашан болған емес. Биыл коронавирус аяқталса Қазақстанға келеміз. Ата-анам мен бүкіл отбасым онымен танысуды асыға күтіп жүр. Екі жылдан бері үйге келген жоқпын, әрине туыстарымды сағындым. Күйеуім ет жегенді жақсы көреді. Оған нағыз еттің көкесін Қазақстанда көресің деп айтып жүрмін»,- дейді Дания.