Тоқаев қазақстандық вакцинаны салғызуға дайын екенін хабарлады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев қазақстандық вакцинаны салғызуға дайын екенін хабарлады

Тоқаев қазақстандық вакцинаны салғызуға дайын екенін хабарлады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық вакцина салдыруға дайын екенін жеткізді.

  • 26 Қаңтар 2021
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Коронавирус дағдарысын өткерудің ең тиімді және жүйелі шарасы — жаппай вакцинация екені белгілі. Елімізде бұл үрдістің сапалы өтуіне барлық жағдай жасауымыз керек. Сондықтан 1 ақпаннан бастап халықты жаппай вакцинациядан өткізуді үкімет пен әкімдіктегілерге тапсырамын", — деді Тоқаев. 

Бұған қоса, ол міндетті түрде қазақстандық вакцина салғызатын жеткізді. 


"Отандық вакцинаның жағымды нәтижелеріне үмітіміз зор. Егер барлығы біз ойлағандай болса, мен дәл осы қазақстандық екпені өзіме салғызамын", — деп қосты президент. 

Бұған дейін Тоқаев елдегі жаппай вакцинацияға байланысты дүрбелең туғызбауды тапсырған болатын. 

Перейти к новостям спорта