"Тіліңе клёнка киіп бал жалап көр" Журналист "cақтану" керек дейтіндерге жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тіліңе клёнка киіп бал жалап көр" Журналист "cақтану" керек дейтіндерге жауап берді

"Тіліңе клёнка киіп бал жалап көр" Журналист "cақтану" керек дейтіндерге жауап берді

Журналист Салтанат Абылбекова желіде көп балалы аналарға ақыл айтқыш әйелдерді сынап тастады. Ол өздері әлі тұрмысқа шықпаған қыздардың кеңес беретінін жөнсіз деп есептейді.

  • 8 Ақпан 2021
  • 1239
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  alashainasy.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Еййй айналайын ақылшыларым-ай. Пұшпағы қанамағандардың біразы ақылшы болып кеткен бе?
Асырай алмаса неге туады? — дейді ғой! Байы болған соң туады да. Сақтану керек еді дейтін шығарсыздар. Тіліңе клёнка киіп бал жалап көр. Тәтті ме екен? Еркектер әлгіндеймен сақтану жолын сол іспетті көреді. Замок салып тастауға табиғаты көтермейтін әйелдер бар. Қайтсін енді? Алла берді туды. Мен де жағдайыма қарамай туғанмын. Әбіржіп кеткен түрімді көрген жаныашырсымақтар күнде менің отбасымды асырап жүрген адамдай :
— Неге туа бересің — деген. Сол сөзден соң қарым-қатынасты сиреттім рас. Сіздерден өтініш
көзге көрінген балаларды көпсінбеңдерші. Алла ғұмырымен берсін!