БЖЗҚ ескертеді: Қордың атынан жалған спам-хабарлама тарап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БЖЗҚ ескертеді: Қордың атынан жалған спам-хабарлама тарап жатыр

БЖЗҚ ескертеді: Қордың атынан жалған спам-хабарлама тарап жатыр

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алаяқтар тарапынан телефон шабуылдарына қатысты жалған ақпарат тарап жатқанын айтып жатыр.

  • 18 Ақпан 2021
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Олар өздерін зейнетақы қорының қызметкері ретінде таныстырып, банк картасының нөмірін білуге тырысады және «зейнетақыны қайта есептеу керек» деген желеумен деректемелерін беруді өтінеді.

БЖЗҚ мұндай спам-жіберілімнің Ресей Федерациясында бірнеше ай бойы жүзеге асырылғанын және қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесіне ешқандай қатысы жоқ екенін анықтады» делінген хабарламада. БЖЗҚ мұндай хабарлама жібермейтінін және телефон арқылы жеке деректер мен сіздің банктік картаңыздың деректерін сұрамайтынын хабарлайды.

Сондай-ақ қор бейтаныс сайттарға күдікті сілтемелер бойынша өтпеуге кеңес береді.


Ақпаратты тек enpf.kz ресми сайтында немесе БЖЗҚ-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан, қарап тексеру керек.