Героинді іш киіміне жасырып, сатып келген қостанайлық ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Героинді іш киіміне жасырып, сатып келген қостанайлық ұсталды

Героинді іш киіміне жасырып, сатып келген қостанайлық ұсталды

Жітіқара ауданының полицейлері есірткі саудасымен айналысып келген күдіктілерді ұстады.

  • 22 Ақпан 2021
  • 38
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат -қа сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция бөліміне түскен жедел ақпараттан кейін қызметкерлер іздестіру іс-шараларын өткізді. Аталған факт расталды. Жітіқара тұрғынының пәтерінде есірткі заттары табылды.

«37 жастағы ер адам іш киіміне героиннің 17 түйіншегін фольгамен орап жасырған. Аудандық полиция бөлімінің бастығы Болат Имановтың айтуынша олар есірткіні сатып, 34 жастағы жүкті әйелі екеуі пайдаланған.

Аудандық сот күдіктілерге қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын қабылдады»,-дейді полицияның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.


Қазір аса ауыр қылмыс жасаған ерлі-зайыпты ҚР ҚК 297-бабы, 3-бөлімінің 1-тармағына сәйкес сот алдында жауап береді. Олардың кінәсі дәлелденсе он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Соңғы жаңалықтар