Осы тұрғыда Caravan.kz медиа порталының тілішісі Психоанализ ассоциациясының мүшесі, психоаналитик Бинұр Мұратқызымен оcы тақырыптар бойынша сұхбаттасты.
— Бинұр ханым! Қазіргі таңда саны шексіз психологтар көбейіп кеткен. Психологқа мұқтаждық неден туындайды?
— Кім ұрыспайды, кім ұрмайды, ол қалыпты жағдай деп қабылдап келген көпшілік, қазір сол өкпе реніштің барлығы күнделікті өміріне әсер етіп жатқанын түсініп, жағдайын жақсартқысы келеді. Қазіргі кезде, психологтардың көбею себебі халықта психологиялық сауаттылықтың артып келе жатқанымен тікелей байланысты. Сұраныс болғандықтан психологтардың саны артуда. Әзірге саны артып жатса одан қорықпау керек, біртіндеп саннан сапаға келеді.
— Педофилияның көбеюі жайлы айтарыңыз? Бала зорлау ерлердің азғындығы емес па? Жалпы азғындық, зорлық-зомбылық неден туындайды?
— Педофилия көбейіп жатқан жоқ, бұрын да болған. Қазір барлығы ашық айтыла бастады. Бұл да халықтың психологиялық сауаттылығының арта бастағанының көрсеткіші.
Зорлық-зомбылық туындау себебі педофилияға барған адамдар, бала кезінде қандай да бір психологиялық жарақат алып, ішкі жан дүниесінде өспей бала болып қалған адамдар. Көбіне өздері зорлық көргендер. Бұл ол кісілерді ақтау үшін емес, ата-аналарға сақ болу үшін айтылады. Балаларды ұрып соқпаңыздар, сол себептен арадағы сенім жоғалады, сол кезде бала қиналса да айта алмайды, қорқады. Педофилия тақырыбы көтерілгеннен бері, үндемей іштен тынған, жаны жаралы қыздар мен жігіттер көптеп хабарласып көмек сұрауда.
— Вакцинацияға көзқарасыңыз?
— Менің пікірімше, вакцинация міндетті болмауы керек. Әр адамның өз қалауымен шешім қабылдап, денсаулығына қатысты жауапкершілікті өз мойнына алу керек. Вакцинация туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.
— Ақшаға тәуелділік шектен тыс болып кетпеді ме?
— Иә, қазіргі кезде күнделікті ақша қажеттілігі артуда. Ол да әр адамның кәсіп ашып, өзінің табысын арттыруға, жағдайын жасауға, психологиялық сауаттылығы жетпей жатқандығынан ушығып тұр. Негізі психоанализ тәжірибесінде жеке психоаналитикалық кеңестен өткен тұлғалардың табысы жақсарады. Әйел адамдардың табысы минимум екі-үш есеге артса, ер азаматтар минимум бес-он есеге табысы артады. Оның бірден бір себебі, ішкі жан дүниедегі бала кездегі алған травма немесе қорқыныштарынан арыла бастағанда, жақсылыққа орын босайды.
— Атаққұмар, хайпқұмарлардың заманы ма? Ол жайлы не дейсіз?
— Мүмкін. Бұл әрекетке қазақтың «Атың шықпаса, жер өрте» деген мақалы келетін секілді. «Аңқау елге арамза молда» дегендей елдің сенгіштігін пайдаланып жоқ жерден проблема жасап жүргендер болар.
— Көп рахмет!