"Нағыз қатын қатын емес, нағыз қатын - кобра": Қазақтың келіні Таня Тұрлайдың бүртүрлі әзілі екіұдай пікір туғызды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Нағыз қатын қатын емес, нағыз қатын - кобра": Қазақтың келіні Таня Тұрлайдың бүртүрлі әзілі екіұдай пікір туғызды

"Нағыз қатын қатын емес, нағыз қатын - кобра": Қазақтың келіні Таня Тұрлайдың бүртүрлі әзілі екіұдай пікір туғызды

КВН ойыншысы ретінде танылған әрі қазаққа келін атанып отырған Таня Тұрлай тағы бір әзілдің шетін шығарды.

  • 28 Ақпан 2021
  • 477
Фото - Caravan.kz

Бұл жол ол ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» сөзін өз әзіліне қолданды. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

"Нагыз катын, катын емес…
Привет, родные, Кобры кайдасыздар?!" деп желіге жазған Таня Тұрлай видео жүктді.

Бейнекөріністе ол қасындағы күйеуіне "Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ- домбыра. Нағыз қатын қатын емес, нағыз қатын — кобра дейді ғой. Жұтам бір күні жұтам" деп әзілдеді. 

Аталған әзіл көпшіліктің арасында екі түрлі пікір қалыптастырды. "Жұтатын болса, байсыз калай өмір сүреді", "Негізі күлкілі емес", "Жұтам сөзінің мағынасын өзі де түсінбейтін шығар, сол үшін өзіне күлкілі","қара әзіл","Шын жүректен күлдім" деген сияқты пікірлер қалдырды.