Қор стипендиаты Темірлан Өміржанов: Табыстың кілті - тұрақты даму - kaz.caravan.kz
  • $ 441.77
  • € 502.38
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қор стипендиаты Темірлан Өміржанов: Табыстың кілті - тұрақты даму

Қор стипендиаты Темірлан Өміржанов: Табыстың кілті - тұрақты даму

Табыс - бұл нәтиже емес, тұрақты даму. Табысты адам бір жерде тұрмайды, ол үнемі ізденісте болып, өзін-өзі жетілдіріп отырады. Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университеттің «Жылу энергетикасы» білім беру бағдарламасының магистранты Темірлан Өміржан осылай деп есептейді.

  • 2 Наурыз 2021
  • 3136
Фото - Caravan.kz

— Менің қызығушылығым мен ақыл-парасатым академиялық мансабымда көп көмектесті. Мен оқып жатқан әрбір пән мен үшін қызықты, бұл оны терең игеруге, ал алған білімімді біліктілігіме айналдыруға көмектеседі, — дейді Қор стипендиаты.

Оқу барысында Темірлан ҚР Білім және ғылым министрлігі өткізген «Жылу энергетикасы» мамандығы студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауында үш рет жүлдегер атанды. Ол сондай-ақ Алматы энергетика және байланыс университеті ұйымдастыратын «Жылу энергетикасы» студенттік пәндік олимпиаданың жеңімпазы.

Қазіргі уақытта Темірлан Өміржан қатты отынмен жұмыс істейтін энергетикалық қазандықтардағы жылу алмасу процестерін қарқындату саласында ғылыми-зерттеу жұмысымен белсенді айналысып жүр. Ол техникалық ғылымдар саласындағы шетелдік ғылыми басылымдарда, сондай-ақ ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда бірқатар мақалалар жариялады.

—
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының шәкіртақысы мен үшін ең алдымен, ғылыми, шығармашылық және білім беру қызметін одан әрі дамытуға ынталандыру. Марапаттың бұл түрі
– студенттің жұмысына назар аудару және құрметтеу деп есептеймін. Сіздің жұмысыңыздың лайықты бағалануы әрқашан жағымды сезімдер сыйлайды, — деді жас ғалым Темірлан Өміржан.