Cadillac мінген әкенің алимент төлеуден жалтарғаны анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Cadillac мінген әкенің алимент төлеуден жалтарғаны анықталды

Cadillac мінген әкенің алимент төлеуден жалтарғаны анықталды

Нұр-Сұлтан тұрғыны алимент төлемегені үшін Cadillac Escalade көлігін беруге мәжбүр болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

  • 3 Наурыз 2021
  • 29
Фото - Caravan.kz

Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы берген (ЖСО) деректер бойынша, ер адам 6 атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып танылған.

«2006 жылы шыққан Cadillac Escalade 5 135 000 теңгеге сатылды. Оның ішінде 3 361 869 теңге алимент бойынша берешекті өтеуге бағытталды. 847 160 теңге көлік салығын өндіріп алуға, сондай-ақ жалпы сомасы 29 040 теңгеге үш әкімшілік айыппұл өндіріп алынды», — деп атап өтті баспасөз қызметі.

Айта кету керек, қалған қаражат борышкердің шотына аударылды.