ҚХР-дың жалпы ішкі өнімінің өсімі 2021 жылы 6%-дан асады - kaz.caravan.kz
  • $ 493.15
  • 574.17
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚХР-дың жалпы ішкі өнімінің өсімі 2021 жылы 6%-дан асады

ҚХР-дың жалпы ішкі өнімінің өсімі 2021 жылы 6%-дан асады

2021 жылы ҚХР ЖІӨ-нің өсу қарқыны 6%-дан асады, деп хабарланды Қытай үкіметінің жұма күні жоғары заң шығарушы органының жыл сайынғы сессиясында жарияланған баяндамасында.

  • 5 Наурыз 2021
  • 23
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі жазады.

«Ағымдағы жылы әлеуметтік-экономикалық дамудың мынадай негізгі көрсеткіштері белгіленді: ЖІӨ өсімі 6%-дан астамды құрайды», – делінген баяндамада.

Жұмыссыздық деңгейі 5,5% деңгейінде болады, 11 млн астам жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда. Тұтыну бағаларының өсуі шамамен 3% деңгейінде болжанады.

Қытай Үкіметі жұмысының екпіні елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталады, жоспарда ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын 3%-ға төмендету, сондай-ақ ластаушы заттардың негізгі түрлерінің жиынтық шығарындыларын қысқартуды жалғастыру көзделген. Сондай-ақ орталық бюджеттен инфрақұрылым құрылысы, көлік, гидроэнергетика, урбандалу және елдің өңірлік дамуы саласындағы жобаларға 610 млрд юань (шамамен $94 млрд) мөлшерінде инвестициялар бөлу жоспарланып отыр.