Шетелден қаржыландыру алған қазақстандықтардың тізімі жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.96
  • 569.49
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелден қаржыландыру алған қазақстандықтардың тізімі жарияланды

Шетелден қаржыландыру алған қазақстандықтардың тізімі жарияланды

2025 жылдың екінші жартысында Қазақстан азаматтары мен компаниялары шетелден 12 миллиард теңгеден астам қаржы алған.

  • 2 Маусым
  • 8
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті алғаш рет нақты сомалар мен шетелдік донорлар көрсетілген егжей-тегжейлі тізімду жариялады.

Caravan.kz хабарлауынша, мұндай тізілімді жариялау шетелдік қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету және қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылау жөніндегі Қазақстан заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Тізімге халықаралық ұйымдардан, шетелдік қорлардан, дипломатиялық өкілдіктерден және шетелдік институттардан қаржы алған үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық қорлар, медиа құрылымдар мен құқық қорғау ұйымдары енген.

Елеулі көлемде шетелдік қаржы құқық қорғаушылар мен журналистерге бөлінген. Ашық дереккөздердегі мәліметтерге сәйкес, қаржыландыру алған белгілі ұйымдар мен тұлғалар төмендегідей:

  • «Қазақстанның адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюросы» (Евгений Жовтис, Ирина Иманбай және басқалар) құқық қорғау ұйымдары арасында ең көп қаржы алған. Ұйымға 350 миллион теңгеден астам қаражат түскен. Қаржының негізгі көздері – Джордж Соросқа қарасты Open Society Foundations, SIGRID RAUSING TRUST және National Endowment for Democracy.
  • MediaNet ұйымы (Әділ Жалилов) алты ай ішінде шамамен 300 миллион теңге алған. Негізгі демеушілер қатарында Open Society Foundations, European Endowment for Democracy, The Nippon Foundation және n-ost ұйымы бар.
  • Құқықтық саясатты зерттеу орталығы (Данияр Нұрымов) 284 миллион теңге көлемінде қаржыландыру алған. Донорлар қатарында European Commission, қазіргі журналистиканы дамыту орталығы және АҚШ Мемлекеттік департаменті көрсетілген.
  • 2023 жылы жаңартылған Сорос-Қазақстан қоры негізінде құрылған «CAPS Unlock» қоғамдық қорының (жетекшісі Айжан Айдарқұлова) шотына 175 миллион теңге түскен. Қаражаттың негізгі бөлігі Open Society Foundation жүйесі арқылы бөлінген.
  • «PaperLab» қоғамдық қоры (Серік Бейсембаев, Анна Решетняк, Камила Қабатова, Айдана Тіленова және басқалар) 99 миллион теңге алған. Қаржы көздері қатарында Open Society Foundations пен National Endowment for Democracy бар.
  • Сөз бостандығын қорғаумен айналысатын «Әділ сөз» ұйымы (Қанат Жұманқұлова, Дмитрий Уткин, Тамара Калеева) 97 миллион теңге көлемінде қаржы алған. Қаражат Ұлыбритания мен Нидерланд елшіліктерінен түскен.
  • «Крылья свободы» қоры (Роман Реймер, Елена Швецова) 61 миллион теңге алған. Қаржы көздері – Open Society Foundation жүйесі, Нидерланд елшілігі және Institute for the Study of War.
  • Бақытжан Төреғожина жетекшілік ететін «Ар Рух Хақ» ұйымына 44 миллион теңге бөлінген. Қаражат Foreign, Commonwealth & Development Office және National Endowment for Democracy тарапынан берілген.
  • Гендерлік мәселелермен айналысатын «FemAgora» қорының (Лейла Зүлейха Махмудова, Ксения Удод, Дария Қасмамытова) үлесіне 15 миллион теңге тиген.

Осылайша, алынған қаражат көлемі мен оның көздерін көрсететін тізілімді жариялау 2025 жылғы жаңашылдық болып отыр. Бұл жұмыс Қазақстан Республикасының Салық кодексі мен «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заң талаптарына сәйкес жүргізілуде.

Сонымен қатар жарияланған тізілімде бөлінген қаражаттың нақты қандай жобаларға жұмсалғаны және шетелдік қаржыландырудың түпкі бенефициарлары туралы ақпарат көрсетілмеген.