"Еңбегінің лайықты бағасы": Димаш Құдайберген қуанышты хабарымен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 488.96
  • 569.49
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Еңбегінің лайықты бағасы": Димаш Құдайберген қуанышты хабарымен бөлісті

"Еңбегінің лайықты бағасы": Димаш Құдайберген қуанышты хабарымен бөлісті

Әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады.

  • 2 Маусым
  • 28
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Өнер иесі Instagram желісінде жариялаған жазбасында әкесі Қанат Айтбаевтың “Парасат” орденінің иегері атанғанын мәлімдеп, жылы лебізін арнаған.

«Құрметті ағайын, бүгін ағатайым президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының жарлығымен “Парасат” орденінің иегері атанды.Бұл марапат – оның көп жылғы қажырлы еңбегінің, өз ісіне деген адалдығының және қазақ мәдениетін әлемге таныту жолындағы зор еңбегінің лайықты бағасы.

Ол жылдар бойы қазақ халқының бай мәдени мұрасын, өнері мен рухани құндылықтарын халықаралық деңгейде насихаттауға аянбай еңбек етті.Оның елге деген сүйіспеншілігі, еңбекқорлығы, даналығы мен ұстанымдары әрдайым маған үлгі болып келеді.

Ағатайыма зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығын және ел игілігі жолындағы еңбегіне толағай табыс тілеймін», — деп жазды Димаш Құдайберген.