Облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап, юПривокзальный шағынауданында орналасқан шағын несие беру ұйымының кассирі 102 операторына медициналық маска киген ер адамның пышақ кезеніп, кассадан 400 мың теңгені алып кеткенін хабарлаған.
«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 25 жастағы азаматтың ізі суымай ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда осы оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 192 бабы бойынша (қарақшылық) тергеу жүріп жатыр. Әзірге қылмыстық әрекетке қатысты өзге ақпараттар жариялауға жатпайды»,-деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, тап осындай жағдай өңірде қаңтар айында болды. Ол кезде қарақшы кассирге пышақ кезеніп, ақшаны алып, ізін суытқан еді.