Батырлардың ориентациясы ауысқан лесбянка ұрпағы жер үшін емес, "жатыры" үшін күресіп жатыр - заңгер - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батырлардың ориентациясы ауысқан лесбянка ұрпағы жер үшін емес, "жатыры" үшін күресіп жатыр - заңгер

Батырлардың ориентациясы ауысқан лесбянка ұрпағы жер үшін емес, "жатыры" үшін күресіп жатыр - заңгер

Бұрынғы батыр бабаларымыыздың бүгінгі ориентациясы ауысқан лесбиянка мен гей ұрпағы жер үшін емес, “жатыры” үшін күресіп жатыр, деп күйінді заңгер.

  • 9 Наурыз 2021
  • 159
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы белгілі заңгер Ляззат Ахатова желіде жазды деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

“Әкесін сабағанды көріп едік, бірақ арбаға таңып қойып, сабағанды бірінші көруім”-дейтін сөз бар еді, қазақта.

Сол сияқты митингтің, шерудің түрін көріп ек, әйел құқығын, феминизмді сылтауратып, ЛГБТ-ның туын жалаулатып, азғындықты насихаттайтын шеруді де көз көрді-ау..

Бұрын ондай шерулерді батыстық елдерден көруші едік, енді қазақ топырағына да жетті..

Бабалар қасық қаны қалғанша, күрескен жерімізде, сол батырлардың ориентациясы ауысқан лесбиянка мен гей ұрпағы жер үшін емес, “жатыры” үшін күресіп жатыр..

Ананың жатыры — ұрпақ көбейтетін қасиетті жер емес пе? Оны айқайлап айтпаушы еді, санасыз, мәңгүрт қазақтардың арқасында оған да жеттік. Сол жатырдан қанша ұрпақ өрбіп, алтын құрсақты Аналар қазақ деген ұлттың жер бетінен жойылып кетуінен сақтамап па еді?..

P.S. Бұл жерде таяқтың екі ұшы бар..


Қазақтың өрімдей қыздарын өздеріне тәуелді екенін пайдаланып, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеп, ер адамдарға деген сенімін жоғалтатын, обал-сауап деген ұғымнан жұрдай, нәсіпқұмар қазақтың азаматсымақтары да ойлану керек, бұл жағдайда",- деді заңгер Ляззат Ахатова.

Еске салсақ, кеше Алматыда феминистередің рұқсат етілген шеруі өтіп, оған 300 дей адам қатысқан.