Балабақшада балаларға су ғана береді, тамақты үйінен әкеледі - Жексенбай - kaz.caravan.kz
  • $ 493.15
  • 574.17
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балабақшада балаларға су ғана береді, тамақты үйінен әкеледі - Жексенбай

Балабақшада балаларға су ғана береді, тамақты үйінен әкеледі - Жексенбай

Белгілі журналист Бибігүл Жексенбай Норвегиядан арнайы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы қызметкерлерімен онлайн-сұхбатқа шығып, ондағы білім беру барысы жайлы айтып берді.

  • 9 Наурыз 2021
  • 202
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ол Батыс педагогикасы формуласы, Еуропа және қазақ менталитетінің өзара сабақтастығы мен қайшылылықтары турасында кеңінен әңгімеледі.

Бибігүл ханымның сөзінше, Қазақстан мектептерінде әжептәуір мәселе болып отырған буллинг, Норвегияда атымен жоқ. Мұғалімдер мен оқушылар арасы тым жақын. Балаларға өз ата-анасынан гөрі мұғалім жақын саналатын деңгейде.

Ал, балабақшадағы балалардың көп уақыты сыртта өтеді екен. Сонымен қатар балабақшадан бастап христиандық діни құндылылықтарға баса назар аударылатын көрнінеді. Балалар балабақшадан тек су ғана ішеді екен, тамағы үйінен әкелінуі тиіс.


Айта кетсек, журналист Бибігүл Жексенбай біраз уақыттан бері Норвегияда тұрып жатыр. Ол жақтағы ерекшеліктер туралы ол өзінің instagram-дағы парақшасына жазып отырады.