Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы fnn.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Қазір бойжеткен 21 жаста, ол Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Вокалдық өнер» кафедрасының 3 курс студенті. Төгілген тер жемісін берді: Мәдина – Рахима Жұбатұрова атындағы Бірінші халықаралық опера әншілері байқауының жеңімпазы, Бибігүл Төлегенованың Х Халықаралық вокалистер байқауының лауреаты, Елена Образцованың VI Халықаралық жас вокалистер байқауының «Орыс композиторы туындысын үздік орындағаны үшін» арнайы дипломымен марапатталған.
Жас әнші бұд жетістіктерімен тоқтап қалған жоқ, өз талантын жетілдіруді одан әрі жалғастырады. Өмірлік ұстанымын қарапайым, бірақ сонымен бірге өте сыйымды тіркестердің көмегімен сипаттайды: «Өзіңізді шектеместен және қол жеткізген жетістіктеріңізге тоқтамай, оқуды, жетілдіруді тоқтатпаңыз және «Күресу және іздеу, табу және берілмеу!» постулаттын ешқашан ұмытпаңыз».
— Музыка — менің бейімім және сүйікті ісім. Онсыз мен өзімді елестете алмаймын, — дейді Мәдина Оразбай.
Сондықтан да опера сахнасының примадоннасы, КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенова оны жоғары бағалайды.
Сондықтан да оның шығармашылық кураторы — Елена Образцованың мәдени орталығы.
Сондай-ақ, тағы бір маңызды мәселе, Мәдина – Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты.
— Мен консерватория әкімшілігіне Қордың стипендиясын алуға үміткерлер қатарына мені қосқанына ризашылығымды білдіремін. Бұл қолдау мен үшін өте маңызды. Сапалы музыкалық білім әрқашан инвестицияны қажет етеді. Музыканы, әсіресе вокалистер, өмір бойы, үйренуі керек. Енді менде шет тілдерін үйренуге және қосымша сабақтарға қатысуға мүмкіндік бар, — дейді ол.