Былтыр 2,4 мыңнан астам этникалық қазақ «қандас» мәртебесін алды - kaz.caravan.kz
  • $ 493.15
  • 574.17
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Былтыр 2,4 мыңнан астам этникалық қазақ «қандас» мәртебесін алды

Былтыр 2,4 мыңнан астам этникалық қазақ «қандас» мәртебесін алды

2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 2 407 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 73 мыңға жуық этникалық қазақ оралды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

  • 9 Наурыз 2021
  • 26
Фото - Caravan.kz

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (72,9%) Өзбекстаннан, 15% – ҚХР-дан, 4,6% – Түркіменстаннан, 3,5% – Моңғолиядан және 4% – басқа елдерден.
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (36,8%), Түркістан (16,4%) және Маңғыстау (10,2%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (12,7%) және Нұр-Сұлтан (5,9%) қалаларына қоныстанды.

Ағымдағы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 58,4%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 24,3%-ды және зейнеткерлер 17,3%-ды құрайды.