Рухани жаңғыру – халқымызға жол көрсететін бағдар - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рухани жаңғыру – халқымызға жол көрсететін бағдар

Рухани жаңғыру – халқымызға жол көрсететін бағдар

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасындағы «Ауыл – ел бесігі» тармағы жайлы мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Ресей көркемсурет Академиясының құрметті мүшесі, Қазақстан көркемсурет Академиясының акдемигі Бинашев Тілеуберді Мелдешұлы өзінің ой-пікі

  • 11 Наурыз 2021
  • 99
Фото - Caravan.kz

                                     

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасындағы «Ауыл – ел бесігі» тармағы жайлы мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Ресей көркемсурет Академиясының құрметті мүшесі, Қазақстан көркемсурет Академиясының акдемигі Бинашев Тілеуберді Мелдешұлы өзінің ой-пікірін Caravan.kz медиа порталының тілшісіне айтып берді.

Салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыздағы мән-мағына

Менің түсінігімше, қазақ елінің әдет-ғұрпы, тұрмыс-салты өте ерекше. Мәселен, Жапон еліндегі сызылып шәй ұсыну мәдениеті, бәрі өздерінің ерекшелігі. Соны керемет қылып көрсетеді, көрсете біледі.

Ал, бізде қаншама әдет-ғұрыптарымыз бар. Мысалға, ұлттық тағамымызды алып қарасақ, ондағы табақ тартудың өзі ерекше. Бас ұсынудың өзінде үлкен мән мен мағына жатыр. Көзді береді, көреген бол деп. Тілді береді шешен бол деп. Осының бәрін біздің жастардың көбі біле бермейді. Қаншама құндылықтарымызды жастардың бойына сіңіре, үйрете отырып тәрбиелеуіміз керек. Ешқашан ұмыт қалдырмай, жіті мән беру әр қазақтың борышы.

Сол себептен, біз Еуропаға, шетелге осыншама құндылықтарымызбен ерекшеміз. Ал, бізде бәрі керісінше. Жастарымыз шетелге еліктеуде алдарына жан салмайды. Олар бізге күледі. Біздің дүниемізді қайталап жатыр деп. Жастар оларды қайталағанмен, біз француз, неміс, американдық бола алмаймыз. Біз – қазақпыз. Сол себептен қазақтың дәстүрін көтеруіміз керек. Өнері бар, өз тіліміз бар. Рухани жаңғыру дегеніміз сол. Әр қазақ өзінің ана тілі – қазақ тілінде сөйлеуі керек. Міне, мәдениетіміздің өзі – тілді құрметтеу.

 

Мүсіншінің шығармалары

Өткен 2020 жылы ұлы Абай атамызға 150 жыл толды. Бір жарым ғасырдан аса уақыт болған. Әл-Фараби бабамызға 1150 жыл толды. Өзім сол Отырар қаласынанмын. Осы екі ұлы тұлғаға да мүсін қойдым. Ұлы Абай атамыздың 150 жылдық мерейтойы аясында орнатылған ескерткішінің ашылу рәсіміне Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысып, Абай атамыздың мүсінін салтанатты түрде ашып берді. Салтанатты жиынға бір топ зиялы қауым өкілдері қатысты, атап айтқанда, жазушы, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов, жазушы Смағұл Елубай, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, танымал суретші Амандос Ақанаев, т.б. болды. Ескерткіштің ашылу салтанатына қатысқан зиялы қауым өкілдері де, халық та «Абай атамыздың образын жақсы ашқансыз» деп өздерінің ілтипаттарын білдіріп, алғыстарын айтып ризашылықтарын танытты. Әрбір жас Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін білу керек, бойына сіңіріп, сусындап өсу керек, өйткені олар біздің келешегіміз, болашағымыз. Мүсінді қойған себебіміз – жастарымыз көрсін, білсін, танысын деген үлкен мақсат болды.

 

Сол 2020 жылы Әбунасыр әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойы қарсаңында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев әл-Фараби бабамыздың мүсінін салтанатты түрде ашып, құттықтау лебізін білдірді. Ғұлама ойшыл, философ Әбунасыр әл-Фараби бабамыздың ерен еңбегі қандай құрметке де лайық. Абай атамыздың, әл-Фараби бабаммыздың рухына тағзым еті бүкіл еліміз үшін маңызды оқиға деп білемін.

Осының бәрі Рухани жаңғыру. Бұлардың бәрін ұмыт қалдырмау біздің міндетіміз. Тарихты білмей – ілгері жылжу мүмкін емес.


Қазақта үш нәрсе жоғалса, ұлт жоғалады. Ол – тарихы, тілі, және өнері. Осыдан біз айырылсақ ұлт ретінде жоғаламыз.

Бізде қазақта тек қолөнер ғана болған деп айтады. Киіз басып, алаша тоқу, торсық жасау, домбыра жасау, тағы басқа. Ал, мүсін өнеріне келетін болсақ, мүсінші ретінде айтайын 4-ші ғасырда бастау алған. Оның дәлелі, бабаларымыз тасқа қашап кеткен петроглифтер. 5-6 ғасырдағы балбал тастар, сол ұлы далада әлі тұр. Күлтегінді бәріміз білеміз. Біздің сол ата-бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен бізге аманаттап, таңбаға ойып қалдырып кеткен. Міне, бідің өнеріміз сол 4-ші ғасырдан бастау алып келе жатыр.

Есік қорғанынан табылған Алтын адамның өзі де сол 5-6 ғасырларға жатады. Алтын адамның киімі 4 мыңға жуық алтын әшекеймен безендірілген. Әшекейде барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі тау құс бейнелерін беретін аң стилінде жасалған. Оның әрбір элементтерінің өзі үлкен тарих.

Алтын адамның кейбір элементтерін біздің елтаңбамызға қолданған. Біздің тарихымызды жоққа шығарғылары келетіндерге осынау мүсіндеріміздің бәрі біздің ежелден қазақ болып қалыптасқанымыздың дәлелі.

Осы тарихты ұрпақтан-ұрпаққа аманаттап жеткізіп отырған, мүсін арқылы образды ашып көрсетіп, сақтап отырған мына біздер мүсіншілер. Осы дайын мүсінді диссертациялап қорғап отырған академиктер, профессорлар.

Баланы неге баулимыз?

Балаларымызды скрипка, фортепиано сабақтарына қатыстырамыз, бірақ өзіміздің салт-дәстүрімізді, құндылықтарымызды, қазақилығымызды сақтап қалуға немқұрайлылық танытамыз. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ұлтымыздың келешегіне алаңдап, болашағына балта шабылмасын, Еуропаға еліктемесін деген мақсатта үлкен жанашырлықпен, өскелең ұрпаққа ұсынылған.

«Бірлік түбі – тірлік» деп бабаларымыз айтқандай, біз — қазақ бірігіп, әрдайым ауызбіршілікте болуымыз қажет.

Қазіргі уақыт – техниканың мықты дамыған заманы. Соны жастар дұрыс жағына қолдана білуді үйрену керек. Бос уақыт өткізбей, ұқыптылыққа үйрену керек. «Шымшықты кім сойса да, қасапшы сойсын» деген. Әр маман өз ісін атқаруы шарт.

Естеріңізге сала кетейік, мүсінші Бинашев Тілеуберді Мелдешұлы Алматы қаласындағы Күләш Байсейітова атындағы музыка мектебінің алдындағы Күләш Байсейітованың мүсінін, Ахмет Жұбанов атындағы мектептің алдындағы А.Жұбановтың мүсінін, Мұхамеджан Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы алдындағы мүсінді және жоғарыда аталған Абай атамыздың, Әл-Фарабидің мүсіндерін жасаған.

Мүсіншінің бұдан да бөлек Қазақстанның көп аймақтарында жұмыстары бар.