Қазақстандағы колледждерде оқу мерзімі 2 жылға дейін қысқарады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.66
  • 475.14
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
5 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы колледждерде оқу мерзімі 2 жылға дейін қысқарады

Қазақстандағы колледждерде оқу мерзімі 2 жылға дейін қысқарады

Колледждерде оқу мерзімі қысқаратын болады.

  • 11 Наурыз 2021
  • 41
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына академиялық дербестік беріледі. Соның аясында бірқатар өзгерістер енгізу мүмкін болады.  

— Колледждерде оқытылатын білім бағдарламалары жұмыс берушілердің қатысуымен жетілдіріледі, жаңартылады және нарықтағы сұраныс пен талаптарға сәйкес икемделеді.

— 9-сыныптан кейін колледжге оқуға түскен студенттер үшін оқу мерзімі бұрынғыдай үш жарым жыл емес, екі жылға дейін қысқарады.

— 11-сыныптан кейін колледжге түскендер үшін оқу мерзімі екі жарым жыл емес, 1,5 жылды құрайтын болады. 


— Колледждердегі білім беру грант көлемі кезең-кезеңмен ұлғаяды. 

Биыл "Жас маман" жобасы аясында 180 колледждің инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары аяқталады. Жобаның қорытындысы бойынша әрбір өңірде материалдық-техникалық базасы, жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламалары бар кемінде 7 заманауи колледж жұмыс істейтін болады.

Соңғы жаңалықтар