«Қайырымдылық керуені» жеңімпазы Борис Щербаков: «Басты мақсат - табиғатты қорғау» - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қайырымдылық керуені» жеңімпазы Борис Щербаков: «Басты мақсат - табиғатты қорғау»

«Қайырымдылық керуені» жеңімпазы Борис Щербаков: «Басты мақсат - табиғатты қорғау»

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының «Қайырымдылық керуені» жобасындағы жеңімпаздардың бірі Борис Щербаковтың қызметі ешкімді бейжәй қалдырмасы анық. Ол Шығыс Қазақстан табиғатын дәріптеуге және оны сақтауға үлкен үлес қосқан ел азаматы.

  • 12 Наурыз 2021
  • 1875
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz порталы  fnn.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Өскемен қаласының Құрметті азаматы Борис Васильевич белгілі жазушы, зоолог-ғалым. Жас натуралистер станциясында (экобиоцентр) 40 жылға жуық еңбек етті, оқушылардың бірнеше ұрпағын тәрбиеледі, олардың көпшілігі педагог, ғылым докторы атанды.
Шығыс Қазақстанда құстардың 25 түрін ашты, 350-ге жуық ғылыми мақала жариялады, ботаника, фаунистика, экология бойынша 35 кітап шығарды.
Жоба жеңімпазының бастамасымен Батыс-Алтай және Марқакөл қорықтары, Құлжа және Тарбағатай қорықтары құрылды, Тарханка және Риддер аудандарында ағаш кесу тоқтатылды.
Сондай-ақ Борис Щербаков Чечек шатқалында «Мектеп экологиялық қорығын» ұйымдастырып, жас натуралистерге далалық экология практикасынан өтуге және ғылыми ізденістер өткізуге мүмкіндік жасады.
— Мен кішкентай кезімнен натуралиспін. Көпжылдық жұмысымның басты мақсаты – табиғатты сақтау және адамдардың қоршаған ортаға ұқыпты қарауын қамтамасыз ету, — дейді Борис Щербаков.