Мемлекет басшысы Imanbek-ті жеңісімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 493.15
  • 574.17
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Imanbek-ті жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Imanbek-ті жеңісімен құттықтады

Қазақстан президенті Иманбек Зейкеновтың (Imanbek) "Грэмми" жеңіп алғаны туралы жаңалықты қуана қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

  • 15 Наурыз 2021
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Facebook-те Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық Иманбек Зейкеновке аса беделді Grammy музыкалық сыйлығының табыс етілуі жөніндегі жаңалықты зор қуанышпен қабылдады. Өзінің таланты мен мақсат қоя білуінің арқасында диджей Imanbek әлемдік шоу-бизнестің басты сыйлықтарының бірін иеленді. Оның шығармашылығы қазақстандық жастардың да ең биік шыңдарды бағындыра алатынын дәлелдеді.

Президенттің атынан Иманбекті осы жарқын жеңісімен құттықтаймын және жаңа шығармашылық табыстар тілеймін!", — деп жазды президенттің баспасөз хатшысы.

Еске салайық, қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновтің(Imanbek) америкалық орындаушы SAINt JHN-дің "Roses" әнініне жазған
ремиксі "Грэмми" алды.

Imanbek-тің нұсқасында трек хит болды және бірнеше апта бойы Billboard Hot 100 диаграммасының үздік ондығында болды.

Зейкеновтың трегі Apple Music-тің үздік ондығына енді. Ал Shazam музыкалық қосымшасында 6,5 миллионнан аса қаралым жинаған. Сондай-ақ, Яндекс-музыка чартында 5-орынға ілігіп, Spotify-та 4 миллионнан аса тыңдалып, рэп әншісі Saint Jhn-нің YouTube-арнасында миллионнан аса қаралған.