Жұмыстан шығып кеткен: Алматыда 19 жастағы қыз іздестіріліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 493.15
  • 574.17
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұмыстан шығып кеткен: Алматыда 19 жастағы қыз іздестіріліп жатыр

Жұмыстан шығып кеткен: Алматыда 19 жастағы қыз іздестіріліп жатыр

Қыздың жоғалғаны туралы хабарландырулар әлеуметтік желілерде пайда болды.

  • 22 Наурыз 2021
  • 22
Фото - Caravan.kz

Туыстарының айтуынша, 2001 жылы туған Еділова Аяжан 19 наурыз күні сағат 20:43-те Қонаев көшесі 43 мекенжайы бойынша жұмыстан шығып кеткен және үйге оралмаған. Бақылау камерасы қызды соңғы рет жұмыстан шыққан кезде түсірген.

"Ол қара күртке, кең қара джинсы, қара берет киген, қызғылт сөмке ұстаған", — дейді туыстары.⠀

Жоғалған қыздың туыстары тұрғындардан ақпаратты әлеуметтік желілерде бөлісіп, табуға көмектесуін сұрады.


Егер Аяжан туралы қандай да бір ақпарат болса, мына телефонға хабарласыңыздар: 8 747 144 41 10 (Алтынай).