"Жүрегім ғана біледі" Айгерім Мамырова болашақ жары жайлы алғаш рет сөз қозғады - kaz.caravan.kz
  • $ 493.15
  • 574.17
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жүрегім ғана біледі" Айгерім Мамырова болашақ жары жайлы алғаш рет сөз қозғады

"Жүрегім ғана біледі" Айгерім Мамырова болашақ жары жайлы алғаш рет сөз қозғады

Лирикалық бағыттағы әндерді жүректен жүрекке жеткізіп орындайтын әнші Айгерім Мамырова "Той думан" арнасына сұхбат берді.

  • 22 Наурыз 2021
  • 2423
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Өзіңіз үшін өткен жыл қалай өтті, шығармашылығыңызда қандай өзгерістер болды?!

— Өткен жылды бәрі біледі, елімізге келген індеттің әсерінен қиын жағдай орын алды. Алла басқа енді бермесін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Шығармашылығыма келетін болсам, шүкір жәй-жәй жаңалықтарымыз болып жатыр. Сенің қандай жылдамдықпен жүргенің емес, бастысы тоқтап қалмау мақсатың болу керек дегендей. Бәрі өз орнымен болып жатыр.

Шығармашылығыңызда лирикалық әндер жетерлік, алдағы уақытта осы бағытта әндер жазасызба әлде өзгерістер болады ма?!

— Иә, рас айтасыз. Репертуарымда лирикалық әндер көп, мысалы "Сағынғанда" деген әнім менің паспортым десемде болады. Енді халық көбінесе меннен билейтін әніңіз бар ма деп сұрап жатады. Негізі ән қоржынымда жылдам, көңілді, билететін әндер бар. Оғанда көңіл бөліп қоямын. Ал енді жақында шығатын тағы бір көңілді әннің аты "Кештім сені" деп аталады. Ол ән бейнебаянымен бірге шығып қалуы мүмкін. Тағы бір лирикалық бағытта "Жүрегім ғана біледі" деген жаңа ән шығады.


Жалпы өнер адамысыз ғой. Шабытты қайдан аласыз?!

— Нақты бір нәрседен аламын деп айта алмаймын. Ән жазатын болсам, ақынға сөз жаздыратын кезде ішкі ойымды түсіндіремін, осындай стиль болса, осындай бағыт болса деген сияқты қолқа саламын. Соңғы шыққан екі әнімді де осындай тапсырыспен жаздырдым. Енді орындағанда жүректен жүрекке жету үшін барынша тырысамын.

Қазіргі таңда басыңыз бос па?! Сөз салып жүрген жігіттер бар ма?!

— Жоқ… Енді қымызды кім ішпейді, қызды кім айттармайды дегендей ғой. Бірақ нақты осы менің болашақ жарым, осымен болашағымды елестетемін, осыған тұрмысқа шығамын деген адамым жоқ.