Елімізге шетелден ұшып келген екі қазақстандықтан COVID-19 анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 493.15
  • 574.17
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізге шетелден ұшып келген екі қазақстандықтан COVID-19 анықталды

Елімізге шетелден ұшып келген екі қазақстандықтан COVID-19 анықталды

 

  • 24 Наурыз 2021
  • 23
Фото - Caravan.kz

Қазақстанға шетелден ұшып келген екі қазақстандықтан COVID-19 анықталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

23 наурызда Қазақстан Республикасының аумағына Индия, Корея Республикасы, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 30 халықаралық әуе рейсі келді.

4 398 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4 366 адам, анықтамасыз 32 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

  • Алматы қаласының әуежайына — 17 рейс, 2 734 жолаушы, анықтамамен — 2 707, анықтамасыз — 27;
  • Шымкент қаласының әуежайына — 7 рейс, 609 жолаушы анықтамамен келген;
  • Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына — 3 рейс, 474 жолаушы, анықтамамен — 469; анықтамасыз — 5;

  • Ақтау қаласының әуежайына — 2 рейс, 339 жолаушы анықтамамен келген;
  • Қостанай қаласының әуежайына — 1 рейс, барлық 242 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген қазақстандықтар COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді, қазір олар карантин стационарларында нәтижелерін күтіп жатыр.

Сонымен қатар, 22 наурызда анықтамасыз келген 20 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша екі жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде бір жолаушы Мале — Алматы рейсімен, екінші жолаушы Минск — Нұр-Сұлтан рейсімен келген.