Қазақстандағы COVID-19: өткен тәулікте қанша адам вирус жұқтырды - kaz.caravan.kz
  • $ 493.15
  • 574.17
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы COVID-19: өткен тәулікте қанша адам вирус жұқтырды

Қазақстандағы COVID-19: өткен тәулікте қанша адам вирус жұқтырды

Бір тәулікте Алматыда 340 адамнан коронавирус табылды. Нұр-Сұлтан мен Алматы облысында жүзден астам жағдай тіркелді.

  • 25 Наурыз 2021
  • 113
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда өткен тәулікте 1 105 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды.

Мерекелік демалыстар алдында елдің бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов вирус жұқтыру көрсеткішінің артуына байланысты Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларына бармауға кеңес берген болатын. Сондай-ақ тәулігіне 500 пациент ауруханаға жеткізілсе, Алматыда толық локдаун енгізілетіні хабарланды.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы — 195,

  • Алматы қаласы — 341,
  • Шымкент қаласы — 22,
  • Ақмола облысы — 45,
  • Ақтөбе облысы — 50,
  • Алматы облысы — 104,
  • Атырау облысы — 65,
  • Шығыс Қазақстан облысы — 19,
  • Жамбыл облысы — 10,
  • Батыс Қазақстан облысы — 76,
  • Қарағанды облысы — 92,
  • Қостанай облысы — 40,
  • Қызылорда облысы — 4,
  • Маңғыстау облысы — 5,
  • Павлодар облысы — 25,
  • Солтүстік Қазақстан облысы — 7,
  • Түркістан облысы — 5.

Жалпы пандемия басталғалы ел бойынша ауырғандар саны 236 200.