Оны іздестіру жұмстары әлі жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Еріктілердің айтуынша, 16 наурызда таңертең 2007 жылы туған Артем Зайцев үйден шығып кетіп, оралмаған.
"Ол шамамен 11.00-де ол Өтепов көшесіндегі үйден шықты. Белгілері: бойы — 165 сантиметр, дене бітімі орташа, қоңыр көзді, сары шашты. Ол қара-жасыл күрте, қара футболка, қара спорт шалбар және ақ аяқ киім киген", — дейді белсенділер.
Алматы қаласы Бостандық ауданы полиция бөлімінің хабарлауынша, Зайцевтің жоғалып кетуіне байланысты іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
"Тергеу-жедел тобы құрылды, оның құрамына криминалдық, ювеналды полиция қызметкерлері, сондай-ақ учаскелік инспекторлар кіреді. Баланың анасының айтуынша, ол үйден кетіп қалған. Қазір оны қала орталығындағы бірнеше ойын-сауық орындарында көргені туралы ақпараттар келіп түсуде. Жасөспірім қайыр сұрап жүрген көрінеді. Қазір барлық ақпарат мұқият тексеріліп жатыр. Баланың аман-сау табылуы маңызды. Егер жоғарыда аталған мәліметтер расталса, біз міндетті түрде баланы өз бақылауымызға алып, профилактикалық жұмыстар жүргіземіз", — деді Бостандық аудандық полиция бөлімінің бастығы, подполковник Думан Аухадиев.
Артём Зайцевтің қайда екендігі туралы кез келген ақпаратқа ие адамнан анасы Светланаға 8 707 582 31 96 нөміріне немесе полицияға 102 нөміріне қоңырау шалуды сұраймыз.