Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ішкі істер министрлігінің ақпараттық базасындағы техникалық ақауларға байланысты бүгін сағат 9:00-ден бастап республика бойынша барлық Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттік қызмет көрсету үрдісі уақытша тоқтатылды, — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ІІМ қызметкерлері базаны қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. База жұмысы қалпына келтірілген жағдайда қосымша хабарланады, — делінген хабарламада.