Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, бір отбасының үш адамы көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 493.15
  • 574.17
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, бір отбасының үш адамы көз жұмды

Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, бір отбасының үш адамы көз жұмды

Ақтөбеде екі жеңіл көлік соқтығысып, 4 адам көз жұмды.

  • 25 Наурыз 2021
  • 1752
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға «Қандыағаш-Ембі-Шалқар» тасжолында болды. «Лада-Приора» автокөлігінің 40 жастағы жүргізушісі Ембі қаласынан Қандыағаш қаласына бара жатып, алдыңғы көліктен озу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамаған. Сөйтіп Ізімбет ауылы маңында қарсы бағытта келе жатқан «Лада-Приора» автокөлігімен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен 32 жастағы әйел, 14 жастағы бала оқиға орнында көз жұмды. Ал 3 жасар қыз Ембі қаласының орталық ауруханасына жатқызылды. Олар бір отбасының адамдары. Сонымен қатар, басқа көліктің жүргізушісі мен 6 жолаушысы Ембі қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Онда 51 жастағы жолаушы есін жимастан көз жұмды. Жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», — деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.