Ақмола облысында 24 миллион теңгенің героині тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 493.15
  • 574.17
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында 24 миллион теңгенің героині тәркіленді

Ақмола облысында 24 миллион теңгенің героині тәркіленді

Ақмола облысында есірткі саудасымен айланысқан күдіктілерден 1,5 келі есірткі тәркіленді. Бұл - ақшамен есептегенде 24 миллион теңге. 

  • 25 Наурыз 2021
  • 24
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мейрам Жабасов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының тұрғыны, 37 жастағы ер адам және Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны — 58 жастағы әйел ұсталды.

Олардан 1 килограмм 400 грамм «героин» тәркіленді. Бұл — бір реттік бес мың доза.

«Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3 бөлігі бойынша (есірткі затын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, өткізу мақсатында алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған) қылмыстық іс қозғалды», — деді Мейрам Жабасов.

Күдіктілер мүлкін тәркілеумен бірге 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Қазіргі кезде күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамалған.