"СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі аудандық білім бөлімі қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары бастады. Қызметкерлер пандемия кезінде аз қамтылған отбасы балалары үшін Үкімет резеврі есебінен Білім басқармасы сатып алған ноутбуктерді ұрлады деген күдікке ілікті. Оның салдарынан мемлекетке келген шығынның көлемі 12 млн теңгені құрайды. Аталған іске қатысты соңғы шешім тергеу шаралары нәтижесінде белгілі болады", — деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бегайдаров агенттікте онлайн өткен баспасөз мәслихатында.