Головкин кәсіпқой рингте қанша табыс тапты? - kaz.caravan.kz
  • $ 493.15
  • 574.17
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин кәсіпқой рингте қанша табыс тапты?

Головкин кәсіпқой рингте қанша табыс тапты?

Головкиннің Сауль Альвареспен болған екі жекпе-жегінен түскен ақшасы барлық байлығының 90 пайызынан асады.

  • 26 Наурыз 2021
  • 46
Фото - Caravan.kz

Boxingnews24.com шолушысы Энджел Флауэрс қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің кәсіпқой рингте қанша табыс тапқанын, сондай-ақ мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жегінде алған гонорарын жариялады, деп хабарлайды Sn.kz Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Головкиннің Сауль Альвареспен болған екі жекпе-жегінен түскен ақшасы барлық байлығының 90 пайызынан асады. Кей деректерде Головкиннің байлығы 30-35 миллион долларға бағаланғаны, ал Альвареспен болған екі жекпе-жекте 37 миллион доллар алғаны айтылады.

"Альварес Авни Йылдырыммен болған соңғы жекпе-жегі үшін 20 миллион және ұлыбританиялық Каллум Смитпен болған кездесу үшін де шамамен сондай қаржы алған", — деп жазды Флауэрс.


Айта кетейік, Головкин мен "Канело" 2017 және 2018 жылдары Лас-Вегаста жұдырықтасқан болатын. Олардың алғашқы жекпе-жегі тең есеппен аяқталды, ал екінші кездесуде төрешілер шешімімен мексикалық боксшы жеңіске жетті.