Карантинді мамырға дейін ұзартуға шешім қабылданды - kaz.caravan.kz
  • $ 493.15
  • 574.17
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Карантинді мамырға дейін ұзартуға шешім қабылданды

Карантинді мамырға дейін ұзартуға шешім қабылданды

Карантинді мамырға дейін ұзартуға шешім қабылданды.

  • 28 Наурыз 2021
  • 482
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Литва Үкіметі қолайсыз эпидемиялогиялық жағдайға байланысты мамыр айына дейін карантинді ұзарту туралы шешім қабылдады.

Литваның денсаулық сақтау министрлігі Үкіметке карантин режимін 2021 жылдың 30 сәуірі сағат 24:00-ге дейін ұзартуды ұсынды. Үкімет бұл ұсынысты мақұлдады және карантинді ұзартты.

Елдегі эпидемиялогиялық жағдайдың нашарлауына және адамдар ел ішінде белсенді қозғала бастаған мерекелік кезеңнің жақындауына байланысты карантинді ұзарту ұсынылды, — делінген хабарламада.

Осы себепті муниципалитеттер арасындағы қозғалысқа наурыздың 27-нен 5 сәуірге дейін тыйым салу ұсынылды. Литва министрлер кабинеті де бұл тәртіпті қабылдады және бекітті.


Қазіргі уақытта муниципалитеттерде маңызды себеп болған жағдайда ғана қозғалысқа рұқсат беру ұсынылады.