Әлемнің 20 мемлекетіне жаппай аштық қаупі төніп тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 493.15
  • 574.17
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемнің 20 мемлекетіне жаппай аштық қаупі төніп тұр

Әлемнің 20 мемлекетіне жаппай аштық қаупі төніп тұр

Әлемнің 20 еліне аштық қаупі төніп тұр.

  • 28 Наурыз 2021
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әлемнің 20 мемлекетіне шұғыл түрде азық-түлік түрінде көмек қажет. Олай болмаған жағдайда аталмыш елдерді аштық жайлауы мүмкін. Осындай байламды БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) жасап отыр.

Йемен, Оңтүстік Судан, Нигерияның солтүстігі аштықтан қырылуға шақ қалған, деп ескертті Бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасы мен БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы тарапынан дайындалған баяндама авторлары.

Аштық жайлау қаупі төніп тұрған мемлекеттердің басым бөлігі Африкада орналасқанымен бұл мәселе өзге өңірлер үшін де өзекті болып отыр. Яғни аталған проблема Ауғанстан, Сирия, Ливан және Гаити елдеріне де қатысты болып отыр. 34 млн адам аштық қаупінің азуында тұр.

Аштықтың алдын алу үшін шұғыл түрде әскери іс-қимылдарды тоқтатып, тұрғындардың ең әлсіз топтарына гуманитарлық жолжетімділікті қамтамасыз етіп, биылғы жылға аштықпен күрес үшін деп деп сұралған 5,5 млрд долларды жинау керек.


Коронавирус пандемиясы салдарынан 120 млн адам кедейлікке тап болды. Және 114 млн-ға жуық адам жұмысынан айырылса, әлем экономикасы соңғы 90 жылдағы рецессияны бастан кешірді.