"Роза апаларымыз танктің үстінде ән айтқан" Төреғали той төңірегіндегі былықты жайып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Роза апаларымыз танктің үстінде ән айтқан" Төреғали той төңірегіндегі былықты жайып салды

"Роза апаларымыз танктің үстінде ән айтқан" Төреғали той төңірегіндегі былықты жайып салды


Төреғали Төреәлі басы дауға қалған Қайрат Нұртасқа қолдау білдіріп, карантин кезіндегі жасырын тойлар туралы шындықты айтты.

  • 29 Наурыз 2021
  • 176
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

"Соңғы екі-үш күнде Қайрат Нұртас той үстінде ұсталды деп, тура қылмыс үстінде қандықол қарақшы ұстағандай ұрандатып жүргендер бар. Шын өнер адамы шақырса, қандай ортаға болсын барып, өнер көрсетуді парыз санайды. Роза апаларымыз оқ жауып тұрған соғыста танктің үстінде ән айтқан ғой. Туберкулез жайлаған түрмеден бастап, жемқорлық жайлаған мінбеге дейін құрметтеп шақырса барасың… Оның жанында басшылықтан бастап, бүкіл жүйе дұрыс күреспей отырған ковидтен Қайрат қана сақтануға міндетті емес шығар?", — деп жазды Төреәлі Instagram-парақшасында.

Әншінің айтуынша, халық вирустан емес, биліктен тығылып, жалтақтап жасырын тойлап жүр. Халықты бұл үшін жазғыруға болмайды. Себебі небір қиын-қыстау кезеңде думанын тарқатпай, "бұдан жаман күнімде тойға барғам" деп мәтелдеген дархан халықпыз.

"Отау құрған жастардың ниетін қолдап, жұртты жиып, некені көпшілікке жариялау діннің де, дәстүрдің де міндеті. Ата-ана ол міндетті орындау үшін қандай жағдайда да жол табатыны белгілі. Қазіргі тауда, табиғат аясында, тойханаларда "жасырын" өтіп жатқан тойлар соның дәлелі. Иә, тырнақшадағы жасырын той. Бәрі белгілі, әрі соған жол беріп қойып, білмеген кейіп танытқан жемқор жүйенің ойыны бұл. Сорлайтын сол қара халық!.

Оның сөзінше, ковидті сылтауратып әкімдік пен учаскелік полицейлер тойды өз бизнесіне айналдырып алған.


"Ресторан қожайындары беретінін беріп, "крышасы" табылғанда ғана "жасырын" жұмысын бастайды. Солай гарантиямен тойын қабылдағанын клиенттерден естіп жүрміз. Әрі той үстінде тексеріп келгенде қонақтарды таратпай, "өзара келісіп" жалғасын тапқан тойларды да көзіміз көрді. Бұған да үйреніп қалдық", 
"Бірақ түсінбейтінім, базарларда иін тірескен жұрт жүргенде, мешіттердің аузында құлып тұрды. Тамақтанатын кафе-ресторандарда орын жоқ кезде, тіпті түнгі клубтар да жұмыс жасап жатқанында, қоғамдық моншаларда кемі 50-ден 250-ге дейін адам араласып жуынып жүргенде де, той жасауға рұқсат бермеді. Бұл қарапайым халықты қалайда тығылып той жасап, жамағатсыз ғибадат жасауға қолдан ұйымдастырған әрекет", — деді Төреғали Төреәлі.

Еске сала кетсек, Алматыда мониторингтік топтың тексерісі кезінде әнші Қайрат Нұртас пен оның әріптесі Кенжебек Жанәбіловтің заңсыз жұмыс істеген мейрамхананың бірінде жүргені анықталған.