Instagram-да вакцинацияға кезекте тұрған көпшіліктің суреті тарап кетті. Әкімдік фотосурет 31 наурызда Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасында түсірілгенін растады. Адамдар covid-19 коронавирусына қарсы вакцинацияға келді, деп түсіндірді баспасөз қызметі.
"Бұл жағдай білім беру қызметкерлерін вакцинациялауға байланысты қалыптасты. Қазіргі уақытта барлық ұйымдастырушылық мәселелер реттелді, вакцинация штаттық режимде жүргізілуде.
ЕМБ-да КВЭ-ге қарсы вакцинацияның басталғаны хабарланған сәттен бастап мұндай жағай алғаш рет болғанын атап өткіміз келеді. Қазіргі уақытта барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, 800 — ден астам адам егілді", — деп хабарлады Еңбекшіқазақ ауданының баспасөз қызметі.