Синоптиктердің хабарлауынша, сәуір айның басында еліміздің әр аумағында ауа райы әртүрлі болады.
"Бастапқыда Қазақстанның шығыс жартысында антициклонға байланысты ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Батыс аймақтарға солтүстіктен және оңтүстіктен екі циклон әсер ете бастайды, олар кейінірек біріктіріліп, елдің басым бөлігінде ауа-райын анықтайды. Нәтижесінде оңтүстікте және оңтүстік-шығыста негізінен жаңбыр түрінде, кей жерлерде қатты жауын-шашын болады. Елдің кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста — найзағай, бұршақ, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста — шаңды дауыл күтіледі", — дейді синоптиктер.