Байқоңырдан «Гагарин» кемесі ғарышқа аттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан «Гагарин» кемесі ғарышқа аттанды

Байқоңырдан «Гагарин» кемесі ғарышқа аттанды

Байқоңыр ғарыш айлағынан ресейлік «Союз МС-18» әуе кемесі ұшырылды.

  • 9 Сәуiр 2021
  • 18
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Байқоңыр ғарыш айлағынан ресейлік Олег Новицкий мен Петр Дубров, сондай-ақ американдық Марк Ванде Хайдан тұратын экипаж Халықаралық ғарыш станциясына аттанды. Новицкий үшін бұл үшінші рейс, Ванде Хай үшін — екінші, Дубров үшін — бірінші рейс.

Олар Мәскеу уақыты бойынша 10:42 немесе Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 13:42 уақытта ұшты.

Ұшыру Байқоңырдың 31-алаңынан Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуының 60 жылдығы қарсаңында өткізілді. Гагарин 1961 жылы алғаш болып ғарышқа ұшқан.

Ұшырылғаннан кейін шамамен 9 минуттан кейін кеме орбитаға шығады, ал Мәскеу уақытымен 14.07-де, яғни 3 сағат 25 минуттан кейін ХҒС-ға түседі.

Ұшудың жоспарланған ұзақтығы — 191 тәулік.


Эпидемияға қарсы қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында Байқоңырда ғарышкерлер мен астронавттардың жақындары мен туыстарының дәстүрлі қатысуы тоқтатылды.

Роскосмос ракетаның космосқа ұшырылған сәтін тікелей эфирден көрсетті.

Айта кетсек, бұған дейін «Союз МС-18» көліктік басқарылатын кораблімен «Союз-2.1а» ғарыштық мақсаттағы зымыранның дайындығы мәселелері қаралған. «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының еншілес ұйымдарының мамандары №31 алаңның старттық кешенінде жүргізген сынақтардың нәтижелері бойынша Мемлекеттік комиссия мүшелері тасымалдағыш зымыранға отын құюға және кейіннен Мәскеу уақыты бойынша 10:42:41-де ұшыруға шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар