Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
"Мен бұл оқиғаны ешқашан айтпаймын, айта да алмаймын деп ойлағам…
Иә, айтқан жоқпын, бірақ жазып шықтым. Содан бері 3 жыл өтіпті.
Беймәлім сәттерімнен, естелік дәптерімнен бір үзік сыр. 3 күннен соң онлайн тұсаукесер. "Сезін” кітабымның таныстырылымы өтеді." — деп жазба жариялады.
Әлеуметтік желіні қолданушылар: "Нарұл ауырған ба?!", "Баланы анамен сынамасыншы", "Жұлдыз ханым міндетті түрде оқимыз","Сәбилер ауырмасын" — деп пікір жазды.
Естеріңізге сала кетейік Жұлдыз Әбдікәрімова осыдан бірнеше айлар бұрын оқырмандарымен ақылдаса отырып, алдағы шығатын кітабының атауын "Сезін" деп қойған болатын.