"Коронавирус, кет, кет кет" деп ән салған Марат Омаров Шымкентте той ұйымдастырған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде жарияланған үйлену тойының видеосы шынымен Шымкент қаласының "Караван" кафесінде түсірілген болып шықты. Мерекелік іс-шараларға тыйым салынғанына қарамастан, әнші Марат Омаров пен кафе "Қыз ұзату" ұйымдастырған.
"Шымкент қаласы әл-Фараби ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік жаза қолдану үшін әкімдік пен полиция департаментіне хат жолдады.Осы жағдай бойынша қабылданған шаралар туралы қосымша хабарлаймыз", — деп уәде берді департамент өкілдері.