"Құтты болсын, Базарбек!" Африкада аң аулап жүрген қазақтар кімдер (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
0 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Құтты болсын, Базарбек!" Африкада аң аулап жүрген қазақтар кімдер (ВИДЕО)

"Құтты болсын, Базарбек!" Африкада аң аулап жүрген қазақтар кімдер (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде Африка құрлығында жираф атып, зебраның өлі денесін көлікке тиеп жатқан қазақтардың видеосы тарады.

  • 16 Сәуiр 2021
  • 149
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы kznews.kz жазды.

Бір видеодан байқағанымыз ағылшын азаматымен бірге қазақ жігіті жирафты атып, оның өлі денесінің жанында қуанып тұрғаны көрсетіледі. Ал екінші видеода өлі зебраны көлікке басып жатқан қара нәсілділер бейнеленеді. Видеоға түсіріп тұрған қазақ болса, «кешке етін асып, қазы-қарта жейміз» деп қарқ-қарқ күледі.

Видеода жирафты атып түсірген қазақты камераға түсіріп тұрған жігіт "Құтты болсын, Базарбек, мұндай адреналинды ешқашан алған емеспін" дейді. 

Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева видеоға қатысты түсініктеме беріп: «Мен қоғамдағы кез-келген осындай қатыгездікті жазалап, соттау керек деп санаймын», – деді.

Еске салсақ, интернетте Африкадағы сафариде аң аулау туралы ақпарат бар. Бағасы тәулігіне 550 доллардан (230 мың теңгеден астам) басталады екен.


 

 

Перейти к новостям спорта