Алматы облысында терісі бағалы 9 мың аңды өлтірген: полиция қылмыстық іс қозғады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.96
  • 569.49
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында терісі бағалы 9 мың аңды өлтірген: полиция қылмыстық іс қозғады

Алматы облысында терісі бағалы 9 мың аңды өлтірген: полиция қылмыстық іс қозғады

Ер адамның көлігінен ондатрдың тоғыз мыңға жуық терісі табылды. Ол аң терісін қайта сату мақсатында белгісіз біреуден 4 миллион теңгеден астам сомаға сатып алғанын айтты.

  • 16 Сәуiр 2021
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы облысы Бақанас ауылында ондатрдың 9 мың терісі тәркіленді, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ондатр – кеміргіштер тобына жататын терісі бағалы аң. Аң жылына 2-3 рет көбейіп, 25-30-ға дейін ұрпақ береді.

Тәртіп сақшылары браконерьдің Mercedes Benz микроавтобусынан 9 мыңға жуық аң терісін тапты. Аң терісі үлкен сөмкелерге салынған. Ұсталған ер адамда аң аулауға рұқсат берілгені туралы құжаттар болмаған. Ол аң терісін қайта сату мақсатында белгісіз біреуден 4 миллион теңгеден астам сомаға сатып алғанын айтты.

Қылмыстық кодекстің 337-бабы 4-бөлігі 4-тармағы (ірі залал келтіре отырып заңсыз аң аулау) бойынша іс қозғалды.


Ведомство мемлекетке келтірілген шығын сомасын есептеп жатыр.