Қазақстанда балалар саны 6,9 миллионға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда балалар саны 6,9 миллионға жетті

Қазақстанда балалар саны 6,9 миллионға жетті

Қазақстанда 0-17 жас аралығындағы балалар саны 6,9 миллионға жетті

  • 1 Маусым
  • 3
Фото: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл республика халқының жалпы санының 33,6 пайызын құрайды.

Балалардың 62,3 пайызы қалалық жерлерде, ал 37,7 пайызы ауылдық жерлерде тұрады.

– Ұл балалардың үлесі 51,4 пайызды, қыз балалардың үлесі 48,6 пайызды құрайды, – делінген хабарламада.

Ел бойынша балалар ең көп тұратын өңір – Түркістан облысы. Мұнда 910,4 мың бала тұрады.

Сондай-ақ балалар саны бойынша Алматы қаласы екінші орында. Мегаполисте 688,9 мың бала тіркелген. Ал Алматы облысында 572,3 мың бала тұрады.

– Бұл көрсеткіштер тиісінше республикадағы барлық балалардың 13,2, 10 және 8,3 пайызын құрайды, – деп мәлімдеді Ұлттық статистика бюросы.

Соңғы бес жылда еліміздегі балалар саны 4,4 пайызға артқан.